Режиссер болмаса, шығарма-сәтсіз. Кез келген шығармашылық жұмыстың діңгегі сол жердегі режиссер. Режиссердің мықтылығы-фильмнің сәнін келтіреді. Елімізде мықты режиссерлердің туындылары қазақстандық ғана емес, шет елдік фестивальдардыңда жеңімпазы атануда. Алайда Қазақстан кино-индустриясындағы барлық режиссерлер бірдей емес екені айдан анық. Еліміздегі режиссура саласы дамуына жастар өз үлестерін қалай қоса алады?
11 сынып оқушысы Таттимбетова Аяулым: «Тағдыр арнасы кино жолына айдап әкелетін болса, ойланбастан режиссер болар едім. Фильмнің басы-ғасында жүріп, өз идеяларымды өмірде іске асырудан басқа мен үшін бақыт жоқ. Қазақ кино-индустриясын әлем сахнасына шығарсам, көрермен көзайымына айналсам деймін» деп мақсат қойып отыр. Жастардың бұл салаға деген қызығушылығы сөзсіз қуантады.
Еліміздегі белгілі режиссер Ақан Сатаев тек қана азияны емес, өзінің туындыларымен еуропа елдерінде бағындырды. Иә, сөзсіз қазақ фильмдері дамып келе жатыр. Алайда, туындылардың басым көпшілігі комедия және драма жанрында түсіріліп жатқаны өтірік емес. Тарихи фильмдер мен хорорларды қазіргі заман режиссерлері 2-3 жыл бұрын ғана қолына алды. Бірақта менің ойымша, көрермен көңілінен шығатын режиссер болсам дейтін адам детектив және боевик жанрына дем қоюы керек.
Детектив-көрерменді бірден баурап алатын, оларды ойландыратын әрі қызықтыратын жанр. Атақты Шерлок Холмстан бастап бүгінгі адвокаттар мен криминслисттер жұмысы әрбірімізге қызық. Қазақстанда детектив саласында фильм түсіретін болсам, ең алдымен Агата Кристи «Үлкен төрттік», «Алфавит өлімдері» атты кітаптарының желісінде, кейіннен авторлық сценариймен туындымызды көрерменге ұсынсақ, халқымызға ұнайды деген сенімдемін.
Қорытындылай келе, еліміздегі режиссура саласы қарқынды дамуда деп сенімді түрде айта аламын. Жаңа жанрдағы фильмдер мен сериалдар жақын арада көрерменге жол тартып, халқымыздың көңілінен шығады деп сенемін.
Мерейлім Асқарбек