Қазақстан мен Ресей дін саласындағы ықпалдастығы жалғасады

0
97

Ресей Федерациясына сапар аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Равиль Гайнутдинмен пікірлесу барысында министр Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы әңгімеледі.

«Дін саласындағы мемлекеттің стратегиялық мақсаты – дүниедегі құндылықтардың басымдықтарына және деструктивті діни ағымдарға нөлдік төзімділікке негізделген мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің қазақстандық моделін жетілдіру»,деп мәлімдеді Н. Ермекбаев.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында дін саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық келісімдер бар. Министр Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қол қойылған келісімдер азаматтардың рухани дамуына баға жетпес үлес қосады.

Қазақстан тарапы халықты діни ағартуға және конфессия аралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ имамдарды дайындау және қайта даярлау бойынша тәжірибе алмасуды ұсынды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз