ҚР ОСК мүшесі Қырғызстандағы сайлауды бақылаудан бас тартты

0
52
ашық дереккөзден алынды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев Қырғызстандағы сайлауды Алмазбек Атамбаветың мәлімдемесіне қатысты бақылаудан бас тартты деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Марат Сәрсембаевтың шешімін ОСК мүшелері мақұлдады.

«Менің ойымша, бұл сұрақты Марат Алдоңғарұлы дұрыс қойып отыр. Мұнда көрсетілген себептер толық негізделген. Мен наразылық түрінде емес, Қырғызстанда өтетін сайлау науқанын саясаттандыруға реакция түрінде ұсынылатын шешімді қарастырғым келеді», – деп мәлімдеді ҚР ОСК басшысы аталған басшылықтың отырысында .

ашық дереккөзден алынды

«Көптеген адамдар сайлау органдарын сайлауды ұйымдастырушылар ретінде ғана көреді, бірақ іс жүзінде біздің қызметіміздің табиғаты мен мазмұны квази-сот органы ретінде бағаланатынын әсте жадына түймейді. Ақиқатында, айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының атынан бас тартатындығын мәлімдейді және бұл біздің аталған үрдісті саясаттандыруға реакциямыз», – деді Б. Имашев.

Сонымен қатар ҚР ОСК басшысы қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатымен, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстандағы президенттік сайлауға бақылаушы ретінде республика атынан өкілдер жіберетінін де атап өтті.

«Біз халықаралық келісімдер шеңберінде Қазақстан қабылданған барлық міндеттемелерді орындайтынын тағы бір рет дәлелдегіміз келеді. Біз делегация мүшелерін заңдық негізде жұмыс жасауға міндеттейміз. Бұл, әрине, кез-келген сайлау науқанында жүзеге асу керек, оның үстіне заңдық негізде үрдіс саясаттандырылып жатқанда оның сақталмауы күрделі салдарға әкеп соқтырады. Сондықтан, мен барлығын заңдық негізде әрекет етуге шақырамын», – деп мәлімдеді Б. Имашев.

«Менің ойымша, бүгін қабылданған шешім заңнама мен халықаралық талаптарға сәйкес айқын тұжырымдалады», – деп түйіндеді ОСК басшысы.

Атап өтерлігі, Қырғызстандағы президент сайлауы осы жексенбі яғни 15 қазан күні өтеді. Президенттікке 13 үміткер ұсынылған.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз