Бұрынғы вице-министр “500 млн теңгені ысырап етті” деген күдікке ілінді

0
105
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев. Photo: primeminister.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қылды деген күдікке ілінді. Бұл туралы 21 қыркүйекте қаржы министрлігіне қарасты қаржыны бақылау комитетінің төрағасы Жанат Элиманов хабарлады.

“Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Әбішевке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол ақпараттық жүйе құруға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қылды деген күдікке ілінген. Сот санкциясымен қамауға алынған, тергеу жүріп жатыр” деді Элиманов.

Олжас Әбішевтің ұсталғаны туралы ақпарат тамыз айының басында шыққан. Сол кезде вице-министрдің ұсталуына байланысты сұрақтарға жауап берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Әбішевтің шілде айында өз еркімен қызметінен кеткенін айтқан.

37 жастағы Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі болып 2018 жылы тағайындалған. Министрлікте цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз