16 сәуір Бішкекте жақында болған өрт салдарынан зардап шеккен Ош базарының саудагерлері Қырғызстан Үкіметінің маңында наразылық шеруге шықты. Бұл туралы АКИpress хабарлайды.
Наразылық білдірушілер шенеуніктермен жүздесуді талап етуде.
50-ден астам наразылық білдіруші қаланың басты көшесінің жолын жауып тастады. Саудагерлердің айтуынша базарда болған өрттен кейін тонау әрекеттері болған.