Франция президенті Ресейге барады

0
84
дереккөзден

Франция президенті Эмманюэль Макрон Ресейге мамыр айының соңында барады. Бұл туралы BFMTV француз телеарнасына сұхбат берген Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан мәлімдеді.

14 сәуір сенбіге қараған түні Сирияда АҚШ, Франция және Ұлыбритания тарапынан жасалған операция жоспарланған сапарға кедергі келтірмейді, деп мәлімдеді министр.

Бұған дейін Макронды РФ президенті Путин 24 мамыр Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысуға шақырған еді, деп жазады Dw.com.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз