Индонезияда жер сілкінісінен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

0
119
дереккөзден

Индонезиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Айбек Смадияров ҚР СІМ баспасөз хатшысы: Индонезиядағы жерасты дүмпуі салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қоса 30 қыркүйек Жапонияда орын алған жойқын тайфуннан жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

Еске сала кетейік, Индонезияда 7,4 баллдық қатты жерасты дүмпуінің салдарынан 832 адам қаза тапты. Республиканың Вице-президенті Юсуф Калла қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін хабарлаған. 

300 мыңнан астам адам өмір сүретін Сулавеси аралының Палу қаласында апаттан кейін мыңдаған ғимараттар мен шағын үйлер, ірі сауда орталықтары толығымен жойылған.

Жаргілікті сейсмологтар бұл жер сілкінісін 2004 г. жылдан бергі Индонезиядағы ең үлкен табиғат апатына балады. Өткен жұмадан бері Мемлекетте 170-тен астам жер асты дүмпулері байқалған.

Сонымен қоса 30 қыркүйек Жапонияда жойқын тайфунның әсерінен бірнеше жүздеген адам жапа шегіп, екі адам қаза тапқан болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз