Иран Сирияға шабуыл жасады

0
103
дереккөзден

Иран әскерилері Ахваздағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырғандардың Сириядағы Ефраттың шығыс жағалуындағы нысандарына зымыран шабуылын жасады.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, шабуыл Ислам революциясын қорғау кешенінің әуеғарыштық дивизиясына жасалған, нәтижесінде бірқатар лаңкестің көзі жойылған, зардап шеккендер баршылық.


Иран Ислам Республикасының Ахваз қаласында осы жылдың қыркүйек айының соңында әскери шеруде лаңкестік әрекет орын алды. Соңғы деректерге сәйкес, қаза тапқандар саны 20 адамнан асты,60-қа жуығы жарақаттанды. IRNA агенттігі лаңкестікке жауапкершілікті Сауд Арабиясымен байланысы бар “Ахваздағы елжанды араб демократиялық қозғалысы” алғандығын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз