Астанада Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевқа қатысты соттың алдын ала тыңдалымдары басталды, деп хабарлайды 24kz.
Бішімбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қамауға алынған болатын.
Дәлірек айтқанда, осы жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қуандық Бишімбаев 2013 жылы «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу барысында 1 миллиард теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Астана қаласының №2 аудандық соты Бішімбаевты қамауға алу туралы бұйрық берген болатын.
Әитсе де бұрынғы министр тағылған айыппен келіспейтінін білдірген. Осы іске қатысты ірі көлемде пара алды деген айыппен тағы 22 адам сот алдында жауап беретін болады.
Жадыра Аманбайқызы