Қараша айына ауа-райы болжамы

0
164
ашық дереккөзден

Қазгидромет қараша айына ауа-райы болжамын жариялады.

Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанның батыс аймақтарына атмосфералық фронттармен суық және дымқыл ауа массалары ойыса бастады. Сондықтан алдағы үш тәулік бойы Қазақстанның көп аймақтарында жауын-шашын, секундына 15-23 м жылдамдықта күшті жел күтілуде.

Жалпы қараша айындағы ауа-райы тұрақсыз, жиі жауын-шашын, тұман мен көктайғақ күтілуде, нәтижесінде Қазақстанның басым бөлігінде температура режимі климаттық норма шегінде орнайды, оңтүстік, оңтүстік-шығыста, шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын көп жауады.

Алғашқы он күндікте Қазақстан аумағында суық антициклон орнауына байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Солтүстік бөлікте түнде 6…..11 градусқа дейін аяз, күндіз 0 …… 5 градусқа дейін аяз.

Оңтүстік бөлікте түнде 2…7 градусқа дейін жылы, күндіз 9….14 градусқа дейін жылы.

Екінші, үшінші он күндікте әлсіз аязды ауа-райы  сақталады, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі қарашаның аяғында күтіледі:

Елдің солтүстік, шығыс және орталығында: түнде 17…22 градусқа дейін, кейбір аймақтарда 25 градусқа дейін, күндіз 10… 15 градусқа дейін, кейбір аймақтарда 20 градусқа дейін аяз;

батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде 5…10  градусқа дейін, кейбір аймақтарда 15 градусқа дейін аяз, күндіз 0…5 градусқа дейін жылы, кейбір аймақтарда 5 градусқа дейін аяз күтілуде.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз