Түркия Сирия мәселесі бойынша ұлттық диалогқа күрд партиясының қатысуына қарсылық танытты

0
76
ашық дереккөзден

Түркия Ресейдің Сирия мәселесі бойынша ұлттық диалог Конгресіне қатысуға «Партия демократиялық Одағы» (PYD) сириялық күрд партиясын шақыруына қарсылық танытты. Бұл туралы сәрсенбіде Түркия Президентінің баспасөз-хатшысы Ибрагим Калын мәлімдеді.

Бұған дейін Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Сирия мәселесі бойынша Сочиде 18 қарашада өтетін ұлттық диалог Конгресіне қатысушы 33 ұйымның тізімін жариялады, оның құрамында келіссөздер бойынша Жоғарғы комитет пен бірнеше күрд топтары, оның ішінде PYD бар деп хабарлайды Риа новости.

«Біз Конгреске сириялық ұлт күрдтерді Сирия халқының өкілі ретінде шақыруға қарсылық танытпаймыз, бірақ PYD – бұл террористік ұйым, ол жергілікті халыққа лаңкестік жасап, «Ислам мемлекеті» лаңкестерін қорғаныш ретінде пайдаланады. Келіссөздер алаңында оларға орын беру ақылға сыймайды, біз бұған ешқашан келіспейміз. Біз осы мәселені Ресей тарабымен кеше ғана талқылап, өз жауабымызды жеткіздік», – деп мәлімдеді Калын Анкара журналистеріне.

Түркия РYD-ды  елде тыйым салынған Күрдістан Жұмыс партиясымен байланысты террористік ұйым деп есептейді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз