Кизлярда лаңкестік шабуыл

0
128

Дағыстан Республикасының Кизляр қаласының Православ шіркеуі маңында бес әйелдің өмірін жалмап үш адамды ауыр жарақаттаған лаңкестік шабуылды ИШИМ террорлық ұйымы өз мойнына алды. Бұл туралы Еuronews хабарлайды.

22 жасар Халил Халилов Православ шіркеуі маңында шіркеуден шыққан адамдарға аң аулайтын мылтықтан оқ жаудырған.

Шабуыл салдарынан оқиға орнында 4 әйел қаза тауып, тағы үш адам ауыр жарақаттанды. Бір әйел адам ауруханада операция үстінде көз жұмды.

Екі құқық қорғау органдары қызметкерлері лаңкесті ұстау барысында жарақат алды. Қазіргі уақытта террорлық акт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз