Коста-Рикада 6,5 балдық күшті жер сілкінісі болды

0
70

Коста-Риканың Тынық мұхиты жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды rbc.ru.

АҚШ геологиялық агенттіктің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхиты жағалауындағы Сан-Хосе қаласынан 69 шақырым қашықтықта, жер сілкінісінің эпицентрі 20 км тереңдікте орналасқан.

24kz мәліметінше жер асты дүмпуінің салдарынан үш адам қаза тапқан.

Еске сала кетейік, жексенбі 12 қараша Иран мен Ирак шекарасы маңында 7,3 балдық жер сілкінісі болды.

Иран азаматтық қорғаныс қызметінің соңғы мәліметінше жер сілкінісі 445 адамды құрықтап, тағы 7156 адамды жарақаттады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз