Қазақстан және БАӘ Қарулы күштері ынтымақтастығын нығайтуда

0
62

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Қазақстанның әскери делегациясы «Dubai Airshow 2017» 15– ші халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Dubai Airshow Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі мен Қарулы Күштерінің қолдауымен өткізіліп жатқан әскери және азаматтық авиация саласының жетекші жаһандық оқиғасы.

Әуе-ғарыштық салонның жұмысы барысында қазақстандық делегация әскери авиация, оның ішінде ұшқышсыз ұшақтарды дамытудың жаңалықтары және тенденцияларымен танысты.

Көрме барысында ҚР Қорғаныс министрі БАӘ-нің Қорғаныс істері жөніндегі министрі шейх Мұхаммед бен Ахмед әл-Бауардимен кездесті.

Тараптар әскери ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарын талқылады және тараптарды жоспарлы негізге көшіру ниетін растады.

«Біріккен Араб Әмірлігінің негізін қалаушы, Мәртебелі Шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахаян мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің елдеріміздің арасындағы сенімді қарым-қатынастары жыл сайын күшейіп, жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген жаттығулар мен жарыстарға БАӘ Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындығына және қатысуына, қатысушы ретінде де, бақылаушы ретінде де ерекше назар аударғым келеді», – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі өз сөзінде.

Бұдан өзге қазақ әскери ведомствасының бастығы БАӘ-нің Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Хамад Мұхаммед Тани әл-Румеймен келіссөздер өткізді, тараптар аймақтық қауіпсіздік мәселелері және қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, БАӘ Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы, авиацияның генерал-майоры Ибрагим Насер әл-Алауидің бастамасымен Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Карбеновпен кездесу өтті.

Делегация жұмысының қорытындысы бойынша жақын арада қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың және нығайтудың қосымша бағыттары анықталды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз