Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.
«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас бауырлас екі елдің игілігі үшін одан әрі дами түседі деген сенімдемін. Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.
Жадыра Аманбайқызы