«Сергек» жүйесі қосылғалы елордада жол-көлік оқиғасы төмендеген

0
75
ашық дереккөзден алынды

«Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылғалы бері  Астанада жол көлік оқиғасы төмендеген, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы жергілікті полиция  қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевқа Әкімдікке берген мәлімдемесінде «Қазіргі күнде қала бойынша жол-көлік оқиғасының төмендеген байқадық. Өткен аптада 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді, біріне жаяу жүргінші кінәлі. Қаза болғандар жоқ», – деп айтты.

Оның мәліметі бойынша,  өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда қала бойынша жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны төмендеген. Егер өткен жылы 18 болса, осы жылы – 8.

Жол-көлік оқиғасының төмендеуіне «Сергек»  бейне-фото тіркеу жүйесі әсер еткен.

Еске салайық, «Сергек» бейне-фото тіркеу жүйесі бойынша Астана қаласында 3 435 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар, камералар көмегімен 1000-ға жуық жол жүру ережесін сақтамаған, қоғамдық орындарда 345 тәртіп бұзушылық, 299 алькоголді ішімдік ішу, 100 ұсақ бұзақылық жәнеде басқа 1 720 заң бұзушылық тіркеген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз