Ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін

0
84
ашық дереккөзден алынды

Корей түбегіндегі жағдай АҚШтың әрекетіне байланысты ушығып тұр, өңірде кез келген уақытта ядролық соғыс орын алуы мүмкін. Бұл туралы дүйсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы КХДР Тұрақты өкілінің орынбасары Ким Ин Рён Бас Ассамблеяның Бірінші комитетінің отырысында мәлімдеді деп жазады ТАСС.

«АҚШ-тың барлық континентальді бөлігі біздің от күшінің шегінде тұр, егер Құрама штаттар біздің қасиетті жеріміздің бір бөлігіне қол сұғатын болса, жердің қай түкпірінде болса да, қатал жазадан қашып құтылмайды», – деп мәлімдеді Ким Ин Рён.

Кездесуде сөз сөйлеген КХДР өкілі  өз елінің ядролық қаруды толық жоюға деген принципалды міндеттемесін білдірді. Дегенмен, Пхеньян аталған аймақтағы кез келген бастаманы соның ішінде осы жылдың басында қабылданған Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа АҚШ қол қойғанша қолдамайтынын айтты.  

Атап өтерлігі, Корей түбегіндегі жағдай өте күрделі қалыпта тұр. Шілдеде КХДР екі рет баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Өз кезегінде, АҚШ пен оның одақтастары аймақта ауқымды әскери-теңіз жаттығуларын жүргізіп отырады. Тараптар ештеңені елеместен, қатаң мәлімдеме алмасуда. Сонымен қатар, КХДР Тынық мұхиты аймағында жақын арада ядролық сынақтарды өткізу мүмкіндігін жариялады, ал АҚШ президенті Дональд Трамп елді толығымен жойып жіберемін деп қорқытты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз