Нью-Йорктегі лаңкестік шабуылды Өзбекстан тумасы жасаған

0
53

Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында жүк көлігі велосипедшілер жолына түсіп, алты адамды жаншып, мектеп автобусына соқтығысты. Нәтижесінде 8 адам қаза тапты. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Он бір адам түрлі ауыр дене жарақатын алған. Алты адам оқиға орнында, екі адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмған.

Қаза тапқандарың арасында америкалықтардан бөлек Белгия және Аргентина азаматтары бар, деп хабарлайды сол елдердің сыртқы істер министрлігі өкілдері.

РИА Новостидің мәліметінше, жүк көлігін жалға алып лаңкестік шабуылда күдікті азамат – 29 жастағы Өзбекстан тумасы Сайфулла Сайпов. 2010 жылы АҚШ-қа көшіп келген күдікті такси жүргізушісі болып қызмет атқарған. Өзбекстан тумасы АҚШ-қа грин-кард виза лотореясын ұтып алу арқылы келген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз