Нұрсұлтан Назарбаев Иордания короліне сыйлық табыстады

0
86

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарумен күрес үшін сыйлығын Иордания королі ІІ Абдалла  бен әл-Хусейнге табыстады.

«Біздің мемлекетіміздің рөлін ескере отырып, ядролық қарумен күресте ерекшеленгендерге арнайы сыйлық табыстадым. Тұңғыш Қазақстан сыйлығын өзіңізге табыстауды жөн санап, тиісті Жарлыққа қол қойдым. Сирия мәселесі бойынша Астана процесінде сіздің тараптың да рөлі басым. Осыны есепке ала отырып, арнайы комиссия сізге осы жүлдені лайық көрді. Оны табыстау мен үшін үлкен құрмет», – деп атап өтті мемлекет басшысы бүгін Ақордада Иордания королімен тар құрамдағы кездесу барысында.

Өз кезегінде, Иордания королі өз елінің атынан Қазақстан Президенті мен Қазақстан халқына алғыс білдірді.

«Мені ерекше сезім толғап тұр және сізге осындай сыйлық  үшін алғыс білдіремін. Иордания мен бүкіл халықаралық қоғамдастық сіздің халықаралық аренада жанжалдарды шешудегі ерекше рөліңізді білетінін және бағалайтынын атап өткім келеді. Сіз тек ядролық қаруды таратпау саласындағы стандарттар орнатып қана қоймай, сонымен бірге біздің еліміз сияқты этносаралық және дінаралық келісімдер саласында үлкен жетістіктерге қол жеткіздіңіз. Бұл өте үлкен еңбек. Біз мұны бағалаймыз – сіз бұл әлемді әлдеқайда қауіпсіз етесіз», – деп атап өтті Иордания королі Абдалла ІІ.

Атап өтсек, Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді.

Ядролық қарусыз әлем және ғаламдық қауіпсіздік сыйлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тағайындалды. Аталған сыйлықты табыстау үшін арнайы комисссия құрылған, сыйлық жыл сайын Семей полигонының жабылуы күні яғни 29 тамызда табысталады. Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн аталған сыйлықтың тұңғыш иегері.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз