Қабылда лаңкестік шабуыл

0
201

Қабылдағы ІІД ғимаратына жасалған шабуылды «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өз жауапкершілігіне алды.

Әскери киім киген лаңкестік ұйым өкілдері сәрсенбі күні түстен кейін ІІД ғимаратының кіреберіс қақпасында жарылғыш зат тиеген автокөлікті жарып жіберіп, артынша құқық қорғау қызметкерлеріне қарулармен шабуылдады.

Құқық қорғау органдары аумақты қоршап, Ішкі істер министрлігінің барлық кіреберіс жолдарын бөгеді. Бірнеше сағаттан кейін ауған қауіпсіздік күштері жағдайды бақылауға алып, он шабуылдаушы лаңкестің қаза тапқанын мәлімдеді.

Лаңкестік шабуылдан құқық қорғау органының 1 қызметкері қаза тауып, 5 адам жарақат алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз