Қазақстанның Грузиядағы елшісі ауысты

0
140

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов 1960 жылы 26 қарашада Жамбыл облысының Мерке ауданында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.

1983-1990 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1990-1994 жылдары – Жоғарғы Кеңес Төрағасының аға консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, секретариат меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заң және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі.

1994-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент аппаратының заң шығару бастамасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы. Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің заң және сот-құқықтық жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі. 1997-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2011-2013 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі. 2013 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Латвия және Литва Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерімен, медальмен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз