Кей Тәжікстан азаматтарының Ресейге кіруіне тыйым салынды

0
207

Ресей Федерациясы 200 мыңға жуық Тәжікстан азаматына өз аумағына кіруге тыйым салды. Бұл туралы news.tj хабарлайды.

2017 жылы Ресей Тәжікстанның 122 мыңнан аса еңбек мигрантын амнистиялаған болатын. Олардың бір бөлігі ресми құжат алған болса, қалғандарын Ресей қайта қабылдады. Әйтсе де, бұл шешімге қарамастан Ресейдің көші-қон заңын бұзған 181 мың тәжік азаматына елге кіруге тыйым салынды. Ресейде тәжік ағайынға арналған амнистия 2017 жылдың наурыз бен сәуір айы аралығында жүргізілді. 

Тәжікстанның еңбек, көші-қон, халықты жұмыспен қамтамасыз ету министрлігінің басшысы Сумангул Тагойзода баспасөз отырысында: «Бұл процесс тек бір айға созылды, аз уақыт ішінде барлығын ақпараттандыру қиынға соқты. Құзырлы органдар Ресейдің сәйкес құрылымдарымен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде 122 мың еңбек мигранты Ресей Федерациясының органдарына көмекке жүгінген. 20 мың адам ресми мекен-жайын бекіткен», – деп мәлімдеді.

Айта кетейік, көші-қон амнистиясы Ресейге кіруге тыйым салынған барлық тәжік азаматына қатысты емес. Яғни, тыйым салынуының себебі мерзіміне емес, құқық бұзғанына қарай берілген. Амнистия екі-үш жыл уақытқа Ресейге кіруге тыйым салынған азаматтарға және Ресейде уақытша тұру мерзімінің біткен уақытынан кейінгі 30 күн ішінде елден кетпегендерге қатысты.

Тәжікстанның Еңбек, көші-қон және жұмыспен қамту министрлігінің ресми статистикасына сәйкес, 2017 жылы Тәжікстаннан тыс жерде жұмыс істейтін еңбек мигранттарының саны 487,7 мың адамды құрайды. Олардың 90%-дан астамы жұмысқа Ресейге барады.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз