Қазақстан мен Үндістан арасында конвенция хаттамасы ратификацияланды

0
313

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы қосарланған салықты болдырмау, капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы

«1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы», 

 Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992жылдың 22 ақпанында орнатылып, 1993жылы қарашада Нью-Делиде Қазақстан Республикасының, 1992ж. мамырда Алматыда Үндістан Республикасының Елшілігі ашылды.

2007ж. қарашада Үндістан Елшілігі Астанаға көшкеннен кейін, Алматыда консулдық бөлім қызмет атқарады. 2014ж. 10 желтоқсанда ҚР-ғы Үндістан елшісі Х.К.Джейн ҚР президенті Н.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды.

2017 ж. қазаннаң бастап Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз