Сирия әуе қорғаныс күштері Хомс аймағына шабуылдаған зымыранды атып түсірді. Бұл туралы РИА Новости забарлайды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдаудағы негізгі нысан Шайрат әскери базасы болған.
Сирия әскері Шайрат аэродромына жасалған шабуылға тойтарыс берді. Шабуылдан аэрадромға зақым келген жоқ. Сондай-ақ, қаза тапқандар жайлы ақпарат жарияланбаған.
Сирия Үкіметінің әскері 10 зымыранды атып түсірген. Аль-Масдар агенттігі Шайрат әуе базасына Израиль әскерлері Ливан кеңістігінен шабуылдаған деген ақпар таратты.