Трамп әлі де Путинмен кездесуге ниетті

0
30
дереккөзден

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Ресей Федерациясы (РФ) президенті Владимир Путинмен кездесуге ниетті. Бұл туралы Трамптың баспасөз хатшысы Сара Сандерс мәлімдеді деп жазады МК.RU.

Сандерстің сөзінше, Трамп Мәскеу мен Вашингтон арасында жақсы қарым-қатынас орнықса, бұл барлығы үшін оңтайлы болмақ, бірақ бұл Кремльдің әрекетімен байланысты деген ойда.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Владимир Песков: «Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуіне қатысты ешқандай талқы болмады», – деп мәлімдеді.


Бұған дейін Трамп пен Путин өзара жеке сөйлескен уақытта мүмкін кездесу орнын талқылады, деп хабарлайды Ақ үй. Қос мемлекет басшысының Ақ үйде кездесуі де жоққа шығарылмайды. Бұған дейін Трамп пен Путин 2017 жылдың шілдесінде G20 саммитінде және қарашада Вьетнамда кездесті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз