Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының кезектен тыс Саммитінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
13 желтоқсанда Ыстамбұлда Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоганның бастамасы бойынша шақырылған саммит өтеді. Күн тәртібінде «Иерусалим қаласы мәртебесі туралы» мәселе.
Сондай-ақ, ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов қатысады.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп жетінші желтоқсанда Иерусалимді ресми түрде Израйльдің астанасы ретінде танитынын мәлімдеген болатын.
Жадыра Аманбайқызы