Елордада тұңғыш рет қысқы марафон өтеді

0
100

2017 жылғы 24 желтоқсанда Астанада тұңғыш рет қысқы марафон өтеді, деп хабарлайды, «Маrat#ON» жүгіру клубының ұйымдастырушылары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда.

Алғаш рет өткізілгелі отырған қысқы жүгіру жарысын ұйымдастырушылардың қатарында «Marat#ON» жүгіру клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық ультрамарафоншы Марат Жыланбаев, «Астана қ. Әкімдігінің бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциясы» КММ жетекшісі Азамат Имашев, «ҚР жеңіл атлетика Федерациясы», «Marat#ON» клубының мүшесі Сахитжан Қуанышбаев кіреді.

Марат Жыланбаев «Қысқы жүгіруді ұйымдастыру шешімі бұқаралық спортқа қазақстандықтарды мейлінше молынан тартумен негізделген, ауа райы жағдайының ашық ауа астында жыл бойы жаттығулармен айналысуға кедергі еместігін дәлелдеу» деп түсіндірді.

Жарыста 3 қашықтық көзделеді: классикалық марафон – 42 км 195 м, жартылай марафон – 21 км және 10 км жүгіру. Тіркеу http://www.marathonclub.kz/ сайтта 12 желтоқсаннан бастап 20 желтоқсанға дейін ашық. Жарысқа қатысушылар старттық топтаманың қысқы нұсқасын алады, ал барлық мәреге жеткендер – естелік медальдар, үш жас санатындағы жеңімпаздар кубоктар мен бағалы жүлделер алады.

Жадыра Аманбайқызы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз