Ереуілге шыққан кеншілерге қатысты Т. Дүйсенова пікір білдірді

0
43
facebook/@esenbekjh

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова “Арселор Миттал Темиртау” кеншілерінің мәселесіне пікір білдірді.

Үкімет отырысынан кейін министр жер астында 600 адамның бар екенін, келіссөздердің жүргізіліп жатқанын және нәтижесі кейіннен белгілі болатынын алға тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қазір 8 кеніш. Барлық 8 кеніш өз өкілдерін берді – 32 адам. Бұлар келіссөз үстеліне отырғандар», – деп мәлімдеді Т. Дүйсенова. Министрдің айтуынша, келіссөздер бүгін таңертең сағат тоғызда басталған.

Т. Дүйсенованың айтуынша, жұмыскерлердің басты талабы: еңбек ақының көтерілуі. Т.Дүйсенованың мәліметінше, «бүгінгі күні жөндеу жұмыстары мен іске қосу учаскелеріндегі ең аз жұмыс көлемі 620 АҚШ долларын құрайды, ал кеніште 973 АҚШ долларын құрайды.  Қазір бұл басты мәселе», – деп атап өтті Т. Дүйсенова.

Еске салсақ, 11 желтоқсанда “Арселор Миттал Темиртау” кеншілері ауысымнан кейін жоғарыға көтерілмеген. Әлеуметтік желілерде ереуілшілердің туыстары жариялаған ақпаратқа сәйкес, кеншілердің талаптары жалақыны көтеруге және еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз