Жатақханадағы жарылыстан 48 студент көз жұмды

0
47

Ауғанстан астанасы Қабылда орналасқан Mawoud академиясындағы лаңкестік жарылыстан 48 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың барлығы студенттер.

Reuters агенттігінің хабарлауынша тағы 67 адам жарақаттанған. Лаңкестік шабуыл 100-ден астам студент шоғырланған аудиторияда орын алды.

Қанды шабуылды ешбір лаңкестік ұйым өз жауапкершілігіне алмады. “Талибандықтар” террорлық шабуылға қатысы жоқ екендерін мәлімдеген. 48 бірдей білім алушы қаза тапқан лаңкестік шабуылды ел президенті Ашрафа Гани арнайы тергеу жүргізуді қатаң тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз