Сағынтаев Қырғызстанның премьер-министрімен кездеседі

0
96

Қырғызстан Республикасының Премьер-минимстрі Мухамедкали Абылгазиев 16-17 қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Кездесу аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі қарастырылатын болады. Және іс-шраның қорытындысы бойынша хаттамаға және бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.

Сондай-ақ, екі күнге жоспарланған Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің отырысы аясында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан Премьер-минимстрі Мухамедкали Абылгазиев арасында қос тарапты кездесу ұйымдастырылған.

Айта кетейік, бауырлас екі елдің Үкімет басшылары Астана көшелерінің бірін қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың атына ауыстыру рәсіміне қатысады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз