Өткен тәулікте Моңғолияда коронавирусқа қарсы 421 адам тесттен өткен. Ешқайсынан вирус анықталмаған. Бұл туралы жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының зерттеу және мониторинг бөлімінің бастығы А. Амбасэлмаа хабарлады.
Моңғолияда барлығы 310 адамнан коронавирус анықталған, оның 296-сы емделіп шыққан. 14-і әлі емделіп жатыр. Вирустан ешкім қайтыс болмаған.
Дәрігерлер емделіп жатқан 14 науқастың 8-інің жағдайы жеңіл, қалған 6 науқастың ауыр жағдайда екендігін айтады.