Түркістаннан Ташкентке алғашқы рейс қонды

0
85
Photo: centralasia.media

Ташкент халықаралық әуежайына Түркістаннан алғаш рет 180 жолаушысымен қазақстандық лоукостер FlyArystan ұшағы келіп қонды. 

Әуе компаниясының хабарлауынша, Түркістан-Ташкент-Түркістан рейсі бойынша Airbus A320 ұшағы дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Ең арзан билет 35 171 теңге (870 000 сом). Жол ұзақтығы 50 минут.

2 маусым күні Өзбекстан көлік министрлігі Самарқанд пен Алматы,  Ташкент пен Түркістан арасында әуе рейсін ашу туралы келіскен.

Наурыз айында қазақстандық SCAT әуе компаниясы Ақтау-Үргенш-Ақтау бағытында тұрақты рейс ашқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз