Қырғызстан президенті отставкаға кетті

0
226
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. Photo: president.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті. Бұл туралы мемлекет басшысының сайты хабарлады.

Жээнбеков мәлімдемесінде ел астанасы Бішкектегі қоғамдық-саяси жағдайдың әлі де шиеленісіп тұрғанын айтқан.

“Кеше Жогорку Кеңеш үкімет құрамын бекітті, мен сәйкес тағайындаулар бойынша Қырғызстан президентінің жарлығына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленісті шешкен жоқ. Өкінішке қарай, агрессия толастамай отыр, менің отставкаға кетуімді талап ету жалғасып жатыр” делінген мәлімдемеде. Қазіргі жағдай екіжақты жанжалға жақын” делінген мәлімдемеде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз