30 наурызда Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Камчыбек Ташиев Ош облысы Өзген ауданының тұрғындарымен кездесуінде “13 мың гектар даулы жер Қырғызстанға өтті” деп хабарлады.
“Орто-Токой су қоймасының 800 гектары Қырғызстан аумағында орналасқан. Бірақ бұл су қорының 95%-ын Өзбекстан пайдаланады, ал бізге қалатыны тек 5%. Сондықтан біз көршілерге осы 800 гектарға өтемақы төлеу және оның орнына қандай да бір жер телімін беруі керек деген талап айттық. Бұған дейін өзбек тарапы бізге 200 гектар жер берген екен. Біз қалған гектардың орнын толтыру керектігін айттық. Алайда олар Өзбекстан аумағында орналасқан Көк-Сұрек, Баястан және Үңгіртұр ауылдарын көшіруге мәжбүр болатынын жеткізді. Сондықтан біз бұл елді мекендерді су қоймасы аумағының орнына көшірдік”, ‒ деп түсіндірді шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкімет делегацияны басқаратын Қамшыбек Ташиев.
Ташиев Қара-Суй ауданындағы 100 гектар шекараның Өзбекстанға қарай жылжитынын, Ош облысының Өзген және Созақ аудандарының аумағы 1000 гектарға ұлғайатынын жеткізді.
Бұдан басқа, Баткен облысы, Кадамжай ауданы, Бірлік ауылының тұрғындарымен де шекара маңындағы мәселелерді шешу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
25 наурызда Ташкентте қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша Қырғызстан мен Өзбекстан үкімет делегацияларының арасында келіссөз өткен. Тараптар қорытынды хаттамаға қол қойған. Құжат бойынша шекараның қалған учаскелеріндегі барлық мәселе аумақтарды ауыстыру қағидаты бойынша сипаттау рәсімінен өткен.
Қамшыбек Ташиев Өзбекстанмен шекара мәселелері “жүз пайызға” шешілгенін мәлімдеген.