Өзбекстан азаматтары Ресейде 15 күнге дейін тіркелмей жүре алады

0
99
Ресейдегі өзбек азаматтары. Photo: sanktpeterburg.bezformata.com

Өзбекстан мен Ресей арасындағы келісімді ратификациялау туралы Ресей ішкі істер министрлігі жасаған заң жобасы бойынша екі елдің азаматтары шекарадан өткеннен кейін 15 күнге дейін тіркелмей-ақ жүре беруіне болады. 

Қазіргі уақытта Ресей мұндай рұқсатты Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан азаматтарына беріп отыр.

Өзбекстан мен Ресей арасындағы келісімге 21 мамырда Мәскеуде, 17 маусымда Ташкентте қол қойылған.

“Бұл келісім Ресей мен Өзбекстанның достық қатынасын әрі қарай да дамыта түседі”, — делінген құжатта.

Бұған дейін Ресей Өзбекстанның 158 мың азаматына “миграция рақымшылығын” жасайды деген хабар тараған. Оларға түрлі себептермен Ресей аумағына кіруге тыйым салынған.

Азаттық  сайтының хабарлауынша, жұмыс күші тапшылығы аңғарыла бастаған соң Ресей билігі Өзбекстанның мыңдаған жұмыс қолын тартуға шешім қабылдаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз