Өзбекстан коронавирус жұқтырған туристерге 3 мың доллар төлейді

0
88

Өзбекстанда турист COVID-19 жұқтырған жағдайда 3 мың доллар көлемінде өтемақы алады. Бұл ел президенті Шавкат Мирзиеевтің қаулысында жазылған.

Құжатта ” Uzbekistan. Safe travel guaranteed” (“Өзбекстан. Қауіпсіз саяхат кепілді”) жүйесі енгізіледі. Ол туристер үшін  “қауіпсіздік кепілі” болмақ.

Аталған жүйе арқылы “Қауіпсіз туризм қоры” құрылады. Оны қаржыландыру үшін дағдарысқа қарсы қордан 20 млрд сом (шамамен 2 млн доллар) бөлінеді, сертификаттау үшін жарналар да қарастырылады.

Өзбекстан ұлттық инновациялық денсаулық сақтау палатасының төрағасы Равшан Изамов “Өзбекстан 24” телеарнасына берген сұхбатында жергілікті және шетелдік туристер өз қауіпсіздігіне сенімді болуы керек деп мәлімдеген.

“Туроператорлар, қонақ үйлер және туризм индустриясына байланысты бар адам қажетті талаптарды орындау кезінде арнайы сертификат алатын болады. Бұл сертификаттың болуы оларға туристермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді”, – деді Изамов.

Centralasia.media агенттігінің хабарлауынша, туристерге өтемақы төлеу бойынша осындай тәжірибе әлемнің көптеген елінде кеңінен қолданылады.

23 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6500-ге жетті. Елде вирустан 19 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз