АХҚО әлемдік Fidor solutions банкімен меморандумға қол қойды

0
77

Астана Халықаралық Қаржы Орталығы әлемдегі ең көне қаржы технологиялар банкі Fidor solutions экономикалық даму бағытында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Fidor solutions- ашық цифрлық банкинг саласында тез өсіп келе жатырған көшбасшы.

Меморандумның мақсаты:

-Қазақстанда қолма- қолсыз экономиканың дамуын қолдау.

-Негізгі аймақтық университеттермен бірлескен қаржылық технологиялар аралық білім беру бағдарламасын әзірлеу.

-Қаржы нарығындағы инновациялар мен ынтымақтастықты ынталандыру үшін, сондай- ақ электрондық коммерция саласындағы қызметті ынталандыратын қаржылық технологиялар нарығын дамыту.

-Тәрбие және жеделдету бағдарламалары бойынша әріптестік орнату бағыттары негізінде жүзеге аспақ.

Қайрат Келімбетов АХҚО басқарушысы:

«АХҚО- ның финтех бағытында күтетіні өте көп. Біз халықаралық деңгейде табысты дамып келе жатырған Fidor еуропалық қаржылық технологиялар компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоя отырып, біздің серіктестік қаржылық технологиялар желімізді кеңейтетінімізді мақтап тұтамыз»- деді.

Ге Дроссаерт Fidor Group басқарма мүшесі:

«Біз АХҚО инновациялық технологиялар бағдарламасына қосылуға қуаныштымыз. Негізгі құндылықтарымыз ортақ. Бұл ынтымақтастық технология саласында табысқа жол салу, бұл цифрлық экономикаға және қаржыға қол жеткізуге тікелей әсер етеді»- дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз