Ахметжанов және Жақсылықов министрліктегі қызметіне қайта тағайындалды

0
123
фото: stan.kz

Президент жарлығымен қайта жасақталып жатқан министрлікте қорғаныс және ішкі істер министрлері өз қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Үкімет таратылмас бұрын Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі, Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметін атқарған еді. 3 сәуірдегі президент жарлығымен екі министр де өз қызметіне қайта тағайындалды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды”

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда ақпаратында

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі болып Мұрат Нұртілеу тағайындалды

Заңға сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқан еді. Бұған дейін қайта жасақталып жатқан үкіметте Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз