Антикор төрағасы президент әкімшілігіне басшы болып тағайындалды

0
164
photo: kursiv.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Антикор басшысы болған Олжас Бектенов президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі болып Мұрат Нұртілеу тағайындалды; Ахметжанов және Жақсылықов министрліктегі қызметіне қайта тағайындалды

Заңға сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқан еді. Бұған дейін қайта жасақталып жатқан үкіметте Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз