Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға дауыс берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Экс-президент “Астана Опера” театрындағы сайлау учаскесінде өз дауысын берді. Ол дауыс бергеннен кейін “наурыз мейрамымен” құттықтады. Алайда, экс-президент журналистер сұрағына жауап берместен ғимараттан шығып кетті.
“Наурыз құтты болсын! Халқымызға жақсылық, көктемнің жарығы мен қуанышын әкелсін. Әр жанұяға жақсылық тілеймін”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.