Сайлаушылардың 54 пайыздан астамы дауыс берген – ОСК

0
30

Орталық сайлау комиссиясының Астана уақытымен 20:10-дағы мәліметі бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09% дауыс берген, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 % бюллетеньдер алды”, – делінген хабарламада.

Жалпы тізімге енгізілген сайлаушылар саны 12 035 004 адам. Оның ішінде 6 509 695 адам сайлауға қатысқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз