Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

0
286
photo: gov.kz / Руслан Жақсылықов

29 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ішкі істер министрінің орынбасары болып Жақсылықов Руслан Фатихұлы тағайындалды. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

“Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды”,- делінген хабарламада.

Жақсылықов Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. I, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Түркияның қарулы күштерінің орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстанның 40 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы – генерал-лейтенант. Жақсылықов Руслан 2014 жылдың 24 сәуірінен бастап бүгінге дейін ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз