Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі өзгерді

0
127
Илон Маск

“Forbes қазіргі уақыттағы миллиардерлер” тізімінің көшбасшысы өзгерді. 29 қыркүйектегі рейтинг бойынша бірінші орында 200 миллиард доллардан астам байлығымен Илон Маск тұр. Бұл туралы Forbes сайты хабарлады.

50 жастағы Илон Маск Tesla, SpaceX компанияларының директоры және құрылтайшысы. Одан кейін тізімнің бұрынғы лидері 57 жастағы Amazon компаниясының басшысы Джеф Безос ораналасқан. Джефтың дәулеті 193,1 миллиард долларды құрайды. Алғашқы бестікті Бернар Арнаулт, Билл Гейтс және Марк Цукерберг толықтырған.

Алғашқы бестіктің ішіндегі ең жасы Марк Цукерберг. Ол, әйгілі фейсбук әлеуметтік желісін құрған. Марктың 37 жасындағы байлығы 121,8 миллиард долларды құрайды. Одан 7,5 миллиард долларға көбірек байлығымен Microsoft компаниясының басшысы Билл Гейтс тұр. Алғашқы бестіктің ішінде жасы бойынша ең үлкені Бернар Арнаулт. Ол, 72 жасында 174 миллиард доллармен ең бай адамдар тізімінде үшінші орында тұр. Бернар Louis Vuitton (LVMH) компаниясының басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз