3-5 желтоқсанда қазақстандық-канадалық қарым-қатынастар тарихында Канаданың генерал губернаторы Жюли Пайетт Қазақстанға алғашқы жұмыс сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Айбек Смадияров: Астанада жоғары деңгейде өтетін келіссөздер екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың саяси сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестігің жан-жақты дамуына жаңа импульс беретіні күтілуде. Астанаға жасаған сапары барысында Мемлекет басшылығымен өтетін кездесулерді саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда Қазақстан мен Канада арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға жаңа серпін беруі тиіс.
Сонымен бірге, Қазақстанға сапары аясында Жюли Пайетт Канаданың ғаршыкері Довид Сен Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш айлағына ұшу рәсіміне қатысады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канадаға сапармен 2003 жылы барған болатын. Ал 2016 жылы қыркүйек айында Қытайда өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінің алаңында Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесу өткізген болатын.