Қазақстан өзін жаһандық саяси диалог алаңы ретінде танытты – Нығматулин

0
57
дереккөзден

Оқи отырыңыз: Астанада жаһандық интеграция жайлы конференция өтті (фоторепортаж)

“Біздің мемлекет өзін жаһандық саяси диалог алаңы ретінде таныта білді. Қазақстан барлық әлемдік процестердің белсенді мүшесі, халықаралық қауіпсіздік пен экономикалық интеграцияны тұрақтандыруда Қазақстан бірқатар жаһандық бастамалар ұсынды “, – деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 26 қарашада “Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы” атты Халықаралық парламентаралық конференция барысында. Аталған конференция ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өтіп отыр.

Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың жетекшілігімен Кеңес Одағындағы шеткі республикадан лайықты беделге  ие, жаһандық қоғамдастықта жауапты әрі халықаралық әріптес деңгейіне жеткенін алға тартты. Кеңес Одағы құлағаннан кейін айтарлықтай экономикалық құлдырау болса да, Қазақстан президенті нарықтық экономика механизмін енгізіп, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруда экономикада түптік реформалар жасады.

“Тың реформалардың жасалуы нәтижесінде Қазақстан әлемдегі экономикасы қалыпты дамыған мемлекеттердің қатарына ене алды, мемлекеттік инвестициялық тартымдылығы артты, нәтижесінде соңғы 20 жылда шетелден 300 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды”, – деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс Спикерінің ойынша, Қазақстанның сәтті дамуының негізі мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың елді дамытудағы стратегиялық бағдарламаларының аясында жүзеге асты. Н. Нығматулин Қазақстанның ұлттық жаңғырудағы “Назарбаев моделі” үш бағытта қатар жүріп келетіндігін атап өтті. Бұл – технологиялық және инфрақұрылымдық дамудың жаңа деңгейі, әрі қарайғы саяси  және рухани жаңғыру үрдісі, “Рухани жаңғыру” ұлттық сананың жаңаруы.


“Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы” Халықаралық парламентаралық конференциясына Әзірбайжан, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Түркия және Өзбекстан Парламенті басшылары, Германия, Үндістан, Қытай, Швеция және басқа да елдерден сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз