Украинада президент сайлауы өтеді

0
97
Сурет: president.gov.ua

2019 жылдың 31 наурызында Украинада президент сайлауы өтеді. Қарашаның 26-сы күні өткен сессияда парламенттегі 450 депутаттың 298-і президент сайлауын 31 наурызда өткізуді қолдап дауыс берді.

Парламент президент сайлауы компаниясына кедергі келтірмеу үшін әскери жағдайды президент ұсынғандай 60 күнге емес, 30 күнге жариялауды мақұлдады.

Украинада әскери жағдай Керчь бұғазында Ресей Украинаның үш әскери кемесін экипажымен бірге тұтқындағаннан кейін жарияланып отыр.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, ұстап әкеткен. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелерін территориясына “заңсыз кірді” деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні “алдын-ала ескертілгенін” айтып, Ресей әрекетін “бассыздық” деп атаған.

Қоса кетейік, Украинаны 2014 жылдың 7 маусымынан бері Петр Порошенко басқарып келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз