25 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қызметінен босатып, оның орнына бұған дейін Сенат төрағасының орынбасары болған Нұрлан Әбдіровты тағайындады.
Берік Имашев – бұрынғы президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев Имашевтің қызы Аида Имашева үйленген.
61 жастағы Нұрлан Әбдіров мамандығы бойынша заңгер-құқықтанушы. 2002-2009 жылдары Қауіпсіздік кеңесінде түрлі қызмет атқарған. Кейін мәжіліс және сенат депутаты болған.