Қазақстанның бірқатар өңірі жарықсыз қалды

0
189
Photo: sputniknews.kz

25 қаңтар түскі уақытта Қазақстанның бірқатар өңірінде жарық сөнді. Жарық өшіп, интернет байланысы нашарлағанын Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларының тұрғындары хабарлады.

Электр энергия желілеріне жауапты KEGOC компаниясының түсіндіруінше, Өзбекстан мен Қырғызстан энергия жүйесінде туындаған едәуір теңсіздіктің салдарынан “Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік Қазақстанға” 500 кВ көлемінде шамадан тыс қуат келген. Соның салдарынан тоқ дұрыс бөлінбей, Қазақстанның оңтүстік өңірінде кейбір аудандар жарықсыз қалған. “Шектеу көлемі – 1500 мВт”. Компания қазір апатты жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Жарықсыз қалған Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалаларда бағдаршам істемей, көшелерде көлік кептелісі пайда болған. Алматының кейбір аудан тұрғындары 10-15 минуттан соң қайта жарық берілгенін хабарлады. Қаланың кейбір аумағында жарық мүлде сөнбеген.

Орталық Азияда жарық неге сөніп қала береді?

Аймақта халық саны едәуір өскен. 1991 жылы Совет одағы құлаған соң Орталық Азияда 50 миллион адам болса, қазір 75 миллионға жеткен.

Қырғызстан мен Тәжікстан – су электр энергиясымен кең танылған таулы елдер. Қырғызстанда электр энергиясының 90 пайызы, Тәжікстанда 98 пайызы су электр станциясынан өндіріледі.

Былтыр Орталық Азияда болған қуаңшылық су энергетикасының, жалпы, өңірдегі энергия тұтынудың азаюына себеп болды.

Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы халық саны ең көп елдер. Мұнда электр энергиясы негізінен жылу электр станцияларында (ЖЭС) өндіріледі.

Қазақстандағы ЖЭС-тердің көбі көмір жағады, ал Өзбекстандағылардың көбі газбен жұмыс істейді.

Қазақстанда 68 электр станциясы бар. Оның 80 пайызы көмір жағады. Олардың көбі ең ірі көмір кен орындары орналасқан солтүстік өңірлерде тұр. Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде оныншы орын алады.

Өзбекстанда электр энергиясының 88 пайызын ЖЭС өндіреді. Олардың көбі табиғи газбен жұмыс істейді.

Өзбекстанда 800 миллиард текше метр газ қоры бары айтылады, бірақ елде газ өндірісі төмендеп барады.

Орталық Азиядағы энергетика инфрақұрылымының ескіруі негізгі проблема болып отыр. Елдегі электр станциялары түгелдей дерлік совет кезеңінде салынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз