14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттарға куәлік табыстады. Парламент төменгі палатасына өткен депутаттар ішінде Имашевтың құдағиы Дариға Назарбаева да бар.
Оқи отырыңыз: ОСК мәжілістің жаңа депутаттарын тіркеді
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева “Нұр Отан” партиясының атынан мәжілістің 7-ші шақырылымында депутат болып сайланды. Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли Әлиев пен ОСК төрағасы Берік Имашевтың қызы Аида Имашева үйленген.
10 қаңтарда өткен парламент сайлауы бойынша:
- “Нұр Отан” – 71,09 пайыз;
- “Ақ жол” – 10,95 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы – 9,1 пайыз;
- “Ауыл” – 5,29 пайыз;
- ADAL – 3,57 пайыз дауыс алған.