Коронавирус: Екі облыс “қызыл” аймақта

0
353

Қазақстанда 2 облыс коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймаққа кірді. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.

“Қызыл” аймақ: Ақмола және Қостанай облыстары.

БҚО, СҚО, Павлодар, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары вирустың таралуы бойынша “сары” аймақта.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша “жасыл” аймаққа кірген.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “сары” аймақта тұр.

Атап өтейік, өткен тәулікте елде 834 адам коронавирус жұқтырды. Соның ішінде 59 адам Ақмолада, 74 адам Қостанай облысында тіркелген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз